Қостанай қаласында көпбалалы 30 отбасы баспаналы болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов көпбалалы 30 отбасыға пәтер кілттерін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында Елбасы Н.Назарбаев бастамашы болған «Әлеуметтік қамқорлық» шаралар кешенін орындау мақсатында жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың мамыр айында жалға беру шартымен 18 пәтер тапсырылған болатын.

«Міне, бүгін көпбалалы 30 ана пәтер кілттерін алып отыр. Алдағы уақытта да осындай бастамалардың куәсі болып, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын отбасыларды баспанамен көбірек қамтамыз ететін боламыз. Негізі биыл Қостанай қаласында 575 млн теңгеге 50 пәтер алу жоспарланған. Олардың барлығы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға беріледі. Көпбалалы аналарды қолдау Елбасы мен Президент тапсырмасына сай кешенді түрде жүргізіліп келеді. Соңғы екі айда 48 баспананың кілті табысталды», – деді қала әкімі Қайрат Ахметов.

Жыл басынан бері Қостанай қаласында көпбалалы 80 жанұя тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін тағы 15-і «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алатын болады.

Соңғы жаңалықтар