Қостанай қаласында кәріз құбыры жарылды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Қостанай қаласындағы Маяковский көшесінде кәріз құбыры жарылып, су жол бойына жайылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең сағат 06:45-те Қостанай қаласында Маяковский көшесі бойындағы қысым коллекторында апат болды. Салдарынан көшенің кәріз жүйесіндегі су жол бойына төгілді. Қазіргі уақытта «Қостанай Су» мамандары кәріз желісінің апат болған учаскесін жауып тастады. Жөндеу жұмыстарына 2-3 күн кетеді. Бұл апат қаланың тіршілігін қамтамасыз етуге кері әсер етпейді», - деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Фото: instagram.com/kostanai_su


Соңғы жаңалықтар