Қостанай қаласын жаңажылдық безендіруге 44 млн теңге жұмсалады

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының әкімдігі жаңа жыл мерекесінде шырша орнатып, мұз қалашығын салуға 44,1 млн теңге бөлген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген қала әкімінің баспасөз хатшысы Мәжит Шүленов мәлім етті.

«Жаңажылдық безендіру үшін Қостанай қаласының бюджетінен 44,1 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде 27,3 млн теңгеге 22 метрлік бір, 11 метрлік екі шырша, 1 жарық конструкциясына, 10 бірлік жарықдиодтық безендіру құрылғыларына жұмсалады. Ал 16,8 млн теңге мұз қалашық салуға бағытталады. Атап айтқанда, бұл қаражатқа 1 және 4 жолақты екі сырғанақ, бір лабиринт, аяз ата мен ақшақардың мүсіндері салынады», - деп жауап берді Мәжит Шүленов тілші сауалына орай.

Әкімдік дерегі бойынша 2019 жылы жаңажылдық безендіруге 44 млн теңге жұмсалған. Ал 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты мерекелік шаралар болмаған.


Соңғы жаңалықтар