Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы әкімінің өкімімен Бақыт Серікбайұлы Қашырбеков Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Соңғы жылдары ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінде қызмет атқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Б.Қашырбеков мемлекеттік қызметте 11 жылдан астам, басшылық қызметте 6 жыл қызмет еткен. Еңбек жолын 2002 жылы Қарабалық аудандық білім бөлімінің есепшісі болып бастаған.

2003 жылы мемлекеттік қызметке келген ол 2007 жылға дейін Қарабалық аудандық білім бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2007-2010 жылдары Қарабалық аудандық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.

2010-2016 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласының әртүрлі коммерциялық құрылымдарында;

2017-2022 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

«Ол әлеуметтік салада басшылықты жүзеге асырады: ішкі саясат, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, жастар саясаты, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, ономастика мәселелеріне жетекшілік етеді», - деп хабарлады Қостанай әкімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар