+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Қостанай қалалық ауруханасы уақытша провизорлық стационарға айналды

2020 жылғы 30 маусым 09:55
Бөлісіңіз:
Қостанай қалалық ауруханасы уақытша провизорлық стационарға айналды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әл-Фараби көшесінде орналасқан Қостанай қалалық ауруханасы бүгіннен бастап суық тию, тұмау жұқтыру және өкпесі қабыну диагнозымен түскен науқастардан басқа ауруларды қабылдауын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 маусымнан бастап қалалық аурухана 250 орындық провизорлық стационар қызметін атқаратын болады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен провизорлық стационарға басқа емханалардағы дәрігерлер мен медбикелер қосымша жұмысқа алынды.

«Қалалық ауруханадағы салалық дәрігерлердің бәрі провизорлық науқастарды қабылдап, тек соларды емдеумен айналысатын болады. Сонымен қатар науқастардың кезекке тұру мәселесі реттеліп, емдеу мекемесінде Саll-орталық (39-37-77) ұйымдастырылды. Мұндағы жедел көмек көрсету бөлімі мен жарақат бөлімі облыстық ауруханаға көшірілді. Қостанай тұрғындарын сабыр сақтауға шақырамыз. Қазір дәрігерлер күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Сіздер бас санитарлық дәрігердің нұсқауын орындау арқылы, бізге көп көмек тигізетіндеріңізді түсініңіздер. Жасырын жиын өткізуді, қонаққа баруды, қонақ шақыруды қойыңыздар. Үйден беталбаты шықпаңыздар. Жақындарыңызды, туыс-туғандарыңызды қорғаңыздар», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар тұрғындар 8 777 375 44 77 байланыс нөмірі бойынша басқармаға сұрақ жолдай алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT