+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қостанай қалалық ауруханасы қайтадан инфекциялық стационарға айналды

2021 жылғы 27 шілде 16:40
Бөлісіңіз:
Қостанай қалалық ауруханасы қайтадан инфекциялық стационарға айналды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгіннен бастап қалалық аурухана базасында инфекциялық стационардың қайта ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны әлі өсу үстінде COVID-19: Ақтөбеде бір тәулікте 137 адамнан коронавирус анықталды Алмаз Шарман коронавирустың «Eta» штамы туралы айтты

«Бүгін сағат 14.00-ден бастап Қостанай қалалық ауруханасында шұғыл (соның ішінде жарақат пункті) және жоспарлы пациенттерді қабылдау тоқтатылды. Көмек облыстық ауруханада көрсетіледі. Қазіргі уақытта қалалық аурухананың пациенттерін шығару және облыстық ауруханаға ауыстыру жүзеге асырылып жатыр. 28 шілдеден бастап денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қалалық аурухана базасында 280 төсек орынға арналған инфекциялық стационар, оның ішінде 20 реанимациялық стационар ашылады», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұл өңірде КВИ жұқтырғандар санының артуына байланысты.

Бұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысында тәулігіне екі жүзден астам коронавирусқа шалдыққан адам тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT