«Kostanay-Invest 2017» форумы басталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында халықаралық инвестициялық форум басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Kostanay-Invest 2017» -  Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерін көрсететін ашық диалог алаңы. Екі күн бойы жалғасатын ауқымды шараға ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Қайыров ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов, Қазақстан даму банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев, Қазақстандағы Азия Даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капанелли және Бүкіләлемдік банк өкілі Ералы Бексұлтан қатысуда. Олардан тыс дипломатиялық корпустың өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, шет елдердегі бизнес-құрылымдардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері бар.

Инвестициялық форум төрт экономика саласы: ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиясы, машина жасау мен туризм тақырыптарында өтеді. Форумның басты мақсаты -кәсіпкерлер арасындағы мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, бизнес-ортаны жақсарту.  Қостанай облысы әкімдігі өңірге инвестиция тарту бағытында жан-жақты жұмыстар атқарып жатыр. Өңірде бәсекеге қабілеттілік басымдықтарының деңгейін көтеру және облыстың инвестициялық климатын жақсартуға бағытталған қадамдар қарастырылған. Мәселен, өткен жылы сыртқы инвестициялардың жалпы көлемі 11,1 млрд теңгені құрап, көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда едәуір артқан.

«Kostanay-Invest 2017» қатысушылары бүгін ақпараттық турға шықты. Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен өндіру басқармасы, «Жас-Қанат 2006» ЖШС, «Милх» ЖШС, «Баян Сұлу» ЖШС, «ЕвразКаспианСталь» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өкілдері шет елдерден келген кәсіпкерлерге өз өнімдерін ұсынып, тәжірибе алмасады.

Ертең облыстық филармонияда халықаралық халықаралық инвсетициялық форумның жұмысы қорытындыланады.

Соңғы жаңалықтар