+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

«Қостанай» халықаралық әуежайының басшысына айыппұл салынды

2020 жылғы 16 қазан 18:28
Бөлісіңіз:
«Қостанай» халықаралық әуежайының басшысына айыппұл салынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ басшысына нысанның терроризмге қарсы қорғалуын тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін 195 мың теңге айыппұл салынды. ҚазАқпарат бұл туралы Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес көлік полицейлері «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ объектісін тексеру барысында мекеме басшысының өзіне сеніп тапсырылған нысанның терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны анықталды», - дейді Көліктегі полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов.

Оның айтуынша, биылғы 1 қыркүйекте полиция қызметкерлері тексеру актісіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен (террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Аталған әкімшілік іс Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

«14 қазан күні сот «Қостанай» халықаралық әуежайы АҚ басшысын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 70 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды», - деді Е.Әлімов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT