Қостанай емханаларына 20 санитарлық көлік тапсырылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының аудан-қалаларындағы ауруханаларға «УАЗ» маркалы 20 санитарлық көлік тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пандемияға қарсы күрес аясында облыста медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жоспар бойынша белсенді жүзеге асуда. Соның бір мысалы – емханаларға санитарлық көліктердің тапсырылуы.

Қазақстандағы ресейлік «УАЗ» маркалы автомобильдердің ресми дистрибьюторы «Вираж» компаниялар тобы 30 автокөлікті облыс өңірлеріне құрастырып беруге келіскен. Бүгін соның 20-сы берілді. Қалған 10-ы жақын арада пайдалануға ұсынылады.


Көлік тапсыру рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы барды. Облыс әкіміне көлік сапасы мен кабинаға жабдықталатын медициналық құрылғылар туралы ақпарат берілді. Санитарлық көліктерді сатып алуға 184 млн теңге жұмсалған

Айта кету керек, бұған дейін, осы жылдың сәуір айында облыс басшылығы нақ осындай 80 санитарлық көлік сатып алып, қалалар мен аудандарға үлестірілген еді.

Жалпы, өңір ауруханаларын сұранысқа ие қызметтік көлікпен қамту – медициналық ұйымдарға пандемия кезеңінде көрсетілген үлкен қолдау, сондай-ақ аудандардағы санитарлық транспорт базасын жаңарту мәселесін түбегейлі шешуге жасалған маңызды қадам екені сөзсіз.


Соңғы жаңалықтар