Қостанай дәрігерлері қоқыс жәшігінен табылған сәбидің денсаулығы туралы айтты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Дәрігерлер Қостанай облысында қоқыс жәшігінен табылған сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға бүгін облыс орталығында болған.

Ақпаратты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий растады.

«Нәресте ауыр халде түсті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиған жоқ. Оны қоқыс жәшігінен полицейлер алып шыққан», - деді аурухананың бас дәрігері.

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар