+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қостанай ауылында бруцеллез бойынша карантин енгізілді

2016 жылғы 9 қараша 12:20
Бөлісіңіз:
Қостанай ауылында бруцеллез бойынша карантин енгізілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Қарасу ауданының аумағынан бруцеллезбен ауырған 392 бас ірі қара мал табылған. Бұл ретте осы малдың барлығы «жергілікті» емес, олар Қостанай облысы аумағындағы жерлерге иелік ететін солтүстікқазақстандық фермаға тиесілі.

СҚО-дан осы малдарды басқа аумаққа апару фактісі туралы жауапты органдар хабардар етілмеген. Осындай жағдай ветеринариялық қызмет қызметкерлерінің таңданысын туғызды, сондықтанда олар көрші облыс фермерлеріне қатысты қандай да бір белсенді әрекеттерді қабылдаған жоқ.

Нәтижесінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша жұмысты жандандыруды бастау үшін прокуратура мен облыстық биліктің араласуы талап етілді. Өңір әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің бірінші әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке карантиндік іс-шаралар енгізуді келісуі тиіс барлық меморгандардың іс-қимылын жеделдетуді жеке өз бақылауына алу туралы тапсырма берді. Бұған қоса инфекция жұқтырған малды бақылаусыз көшіруге қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға шешім шығарылды.

Ағымдағы жылы Қостанай облысында үйдегі малдары «бруцеллез» диагнозына шалдыққан 16 елді мекен анықталды. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайдың айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін осы ауыл малддарының жартысы сауықтырылатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT