Қостанай-Әулиекөл-Сурган автожолының бір бөлігі орман өртіне байланысты жабылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысы аумағында автожол қозғалысын шектеу бойынша жедел ақпарат жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«3.09.2022 жылы сағат 16:15-те Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 8-108 шақырымдары аралығында (Тобыл қаласы мен Әулиекөл ауылы учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», - делінген ресми ақпаратта.

Қостанай қаласына Қойбағар, Қарасу және Алтынсарин ауылдары арқылы қатынауға болады.



Фото: instagram.com/diza_naspaev




Соңғы жаңалықтар