Қостанай әуежайының басшысы тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аппарат мәжілісінде «Қостанай» халықаралық әуежайының жаңа төрағасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қызметке Галей Сыртланов тағайындалды. Архимед Мұхамбетов айтқандай, ол әр жылдары Балқаш қаласы әуежайының директоры, басқарма бастығының орынбасары, азаматтық авиация комитеті Азаматтық авиация қызметі басқармасының авиакомпаниялар мен әуежайлардың қызметін реттеу бөлімінің бастығы, әуежайлар басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

Бұған дейін «ҚТЖ «ҰК» АҚ Көлік логистикасын дамыту орталығында жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар