Қостанай әуежайындағы төтенше жағдайлардың себебі анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай халықаралық әуежайында бір күн ішінде екі жолаушы ұшағы асфальтбетонды ұшу жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 сәуір күні «Нұр-Сұлтан-Қостанай» бағытында ұшып келген AIR ASTANA компаниясына тиесілі АIRBASSА-320 ұшағы жұмыс перронына тоқтау кезінде асфальтбетонды жолақтан шығып кеткен.

«Ұшақ батып қалған шұңқырдың тереңдігі 20-30 сантиметр болды. Борт ішінде 131 жолаушы және 8 экипаж мүшесі отырған. Жолаушылар трап арқылы өздері түсті», - деп хабарлады ТЖД ресми өкілдері.

Сонымен қатар, кеше Қостанай әуежайында AIR ASTANA ұшағының жолақтан тысқары аумаққа шығып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

«Сағат 18:20-да «Нұр-Сұлтан-Қостанай» бағытында ұшып келген BOINGB-757 ұшағының сол жақ шассиі жолақтан шығып кеткен. Бортта жолаушылар болмаған. 8 экипаж мүшесінің арасында зардап шеккендер жоқ», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Нәтижесінде SKAT компаниясының «Қостанай-Алматы» рейсі бір сағатқа кешіктірілді.

Соңғы жаңалықтар