+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қостанай әуежайында Қытайда таралған коронавирусқа байланысты оқу-жаттығу өтті

2020 жылғы 24 қаңтар 17:03
Бөлісіңіз:
Қостанай әуежайында Қытайда таралған коронавирусқа байланысты оқу-жаттығу өтті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері әуежайдың ұшып келу залында инфекция ошағын оқшаулау және жою бойынша оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да провизорлық стационарлар жабылып жатыр Түркістанда мобильді топтардың арқасында індеттің таралуы тежелді Денсаулық сақтау министрлігі Damumed төңірегіндегі дауға түсініктеме берді

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, «Нұрсұлтан – Қостанай» рейсі ұшағының бортында денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған науқас әйел ұшып келді.

Жолаушылар ұшып келу залына шыққан кезде санитарлық-карантиндік пункттің қызметкерлері байланыссыз термометрия жүргізді, нәтижесінде жолаушының дене қызуының көтерілгені анықталды. Достарына қонаққа барған әйелдің Қытайдан ұшып келе жатқаны белгілі болды.

Барлық мүдделі ведомстволарға дереу хабарланды. Науқасты арнайы капсулаға салып, одан кейін оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.

Оқу-жаттығуға Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, облыстың ТЖД, медициналық қызмет мамандары қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT