«Қостанай аруы - 2015» атағына 19 жастағы студент бойжеткен ие болды (ФОТО)

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 15 қарашада өткен «Қостанай аруы - 2015» атағына 19 жастағы студент Ксения Брума ие болды.

Биылғы жылдың жеңімпазы желтоқсан айында Астанада өтетін «Қазақстан аруы» республикалық сұлулық байқауына облыс атынан шығып, бас жүлде - 1 млн. теңге үшін күреседі, деп хабарлайды top-news.kz .

Байқаудың тәжі мен бас титулдан басқа, Ксения тағы екі аталым бойнша жеңімпаз атанды.

Ксения - болашақ хореограф, Қостанай мемлекеттік педагогикалық колледждің төртінші курсында білім алып жатыр. Бойжеткен қалалық басты сұлулық байқауындағы жеңіс - бұл модель ретінде мансап жолындағы тамаша қадам деп есептейді.

«Мисс Қостанай» байқауының ақтық кезеңіне 18-23 жас аралығындағы 15 бойжеткен қатысты. Бірінші дефиледе бойжеткендер жүріс-тұрысы мен киім үлгілерін көрсетті. Одан кейін олар «Interdance» би ұжымымен бірге үш әсерлі би орындады. Одан кейінгі шығу бұдан да салтанатты өтті. Сұлулар көрермендердің алдына үйлену тойларының көйлектерін киіп шықты. Бұл айналымнан кейін зияткерлік байқауға қатысқан алты бойжеткен таңдалды.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші вице-мисс атағын Альбина Әлкеева, екінші вице-мисс атағын - Мария Латыпова иеленді, Жастар бастамалары орталығының бастамашы ретінде шыққан «Жастар аруы» байқауында Әсел Сейітова жеңімпаз атанды. Ал үш мыңнан астам адамның дауысына ие болған Виолетта Кальниченко «Ғаламтор көзайымы» атағын жеңіп алған.

Фото Романа Кима

Соңғы жаңалықтар