+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

«Қостанай-Арқалық» пойызының дөрекі жолсерігі жазаланды

2018 жылғы 1 тамыз 14:09
Бөлісіңіз:
«Қостанай-Арқалық» пойызының дөрекі жолсерігі жазаланды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде жарияланған видеоның кейіпкері - «Қостанай-Арқалық» пойызының жолсерігі жолаушыға дөрекі сөйлегені үшін жазаланды. Бұл туралы Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай стансасы Желілік ішкі істер бөлімінің кезекшілік бөліміне 1988 жылғы жолаушыдан «Қостанай-Арқалық» пойызының жолсеріктерінің біріне қатысты шағым түсті. Әйелдің айтуынша, жолсерік дөрекілік танытып, жолаушыға дауыс көтерген. Желілік ІІБ қызметкері тексеру кезінде мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне баруын сұраған, алайда ол бас тартқан. Ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, әкімшілік құқық бұзған. Кейін құқық бұзушы Желілік ІІБ кезекшілік бөліміне жеткізілді. Ол полиция бөлімінде толықтай өз кінәсін мойындады», - деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік кодексті 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қостанай қалалық мамандандырылған әкімшілік соты оны айыпты деп танып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT