Қостанай әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһар басшысы Қайрат Ахметов аппараттық кеңес барысында қала активіне өзінің жаңа орынбасары Рүстем Кәркеновті таныстырды. Ол әлеуметтік қорғау, ішкі саясат, білім, мәдениет, спорт мәселелеріне жауап беретін болады.

Рүстем Кәркенов 1980 жылы 3 қыркүйекте туған. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

2003 жылдан бастап Қостанай әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, Қостанай қаласы әкімінің көмекшісі және орынбасары болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап Денисов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар