Қостанай әкімі жүгіруден өткен қайырымдылық жарысына қатысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Алға басу - Движение вперед» қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне сілтеме жасап.

«Алға басу - Движение вперед!» қайырымдылық марафоны «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» саябағында өтті. Оған өңірдің мемлекеттік қызметшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестік өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Бас-аяғы 700-ге жуық адам 2,4 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Жүгіру алаңына облыс әкімі Арxимед Мұxамбетов те шығып, жастарға үлгі көрсетті.

«Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауларында салауатты өмір салтын насихаттау туралы айтып келеді. Спорттық шараларды өткізу ұлт саулығының кепілі саналады. Бүгінгі жарыстың мақсаты - зәру жандарға қайырымдылық жасау. Сол себепті мұндай игі бастамада ешкім де сырт қалып қоймауы тиіс», - деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Салауат Мүксімов айтқандай, аталған шара мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналды.

Айта кетейік, республика бойынша өткен қайырымдылық шараға 14 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер қатысты. Жиналған қаржы «Балаларға өмір сыйла» қорына табысталады.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар