Қостанай әкімі машина құрастырушыларға құрмет көрсетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 28 қыркүйек машина құрастырушылар күні. Айтулы мерекеге орай Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бірқатар көлік өндірушіге құрмет грамотасын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Машина жасау саласы - ел экономикасын алға ілгерілетуші жетекші фактор. Қостанайдағы «СарыАрқаАвтоПром» зауыты - Қазақстандағы машина жасау ісінің негізгі өндіріс алаңы. Өндіріс ошағы шет елдердегі ірі компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатып, техникалық жетістіктерді меңгеріп келеді. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.
null

«Дизель зауыты 80 жылдардың соңында салынды. Бірақ кешегі тоқырау кезінде бұл кәсіпорын жабылып, жүздеген адам жұмыссыз қалды. Мемлекеттің қолдауы арқасында,  2010 жылы «СарыАрқаАвтоПром» АҚ елдегі қарқынды дамушы кәсіпорындардың біріне айналды. Қазір біз Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты елдермен тығыз байланыстамыз. Соңғы жеті жыл ішінде облыста 30 мың автокөлік құрастырды. Көліктің кейбір бөлшектерін зауыт өзі шығарады. Бүгінде оның үлес салмағы 33%-ға жетті. Осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан көлік құрастырушыларды төл мерекелерімен құттықтаймын!» - деді өңір басшысы.
null

Жиында кәсіпорын жұмысшыларына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мереке иелерін облыстық филармонияның әншілері құттықтады.

Соңғы жаңалықтар