Қостанай әкімдігі тұрғындардың өтініштерін әлеуметтік желілерде қабылдайды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі WhatsApp және Инстаграм желілерінің көмегімен тұрғындардың өтініштерін қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қаласы әкімдігінде өткен жиында қаладағы тұрғын үй кооперативтерінің қолжетімділігі туралы мәселелер көтерілді. ШаҺар басшысының орынбасары Олжас Нұрғалиев жиын барысында бірнеше ұсыныстарды ортаға салды. Солардың бірі - әлеуметтік желілерді пайдаланып, тұрғындардың өтініштерін қарау.

«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары Whatsapp месенджері және «Инстаграмм» әлеуметтік желісі арқылы тұрғындардың өтініштерін қабылдауы тиіс. Осылайша, халықтың нақты проблемаларына назар аударуға болады. Себебі, қазір кез келген адам әлеуметтік желілерге шыға алады», - деді қала әкімінің орынбасары.

Жиынға қатысқан ПИТК, ПИК, ЖШС басшылары бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Сондай-ақ, «Тазалық 2012» ЖШС қаладағы қоқыс контейнерлерін шығаруға жауапты болып бекітілді.

Соңғы жаңалықтар