+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қостанай әкімдігі киіз үй лагерін қолға алмақ

2019 жылғы 5 қараша 20:03
Бөлісіңіз:
Қостанай әкімдігі киіз үй лагерін қолға алмақ

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған істер қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда білім, мәдениет және БАҚ қызметкерлері «Тұлға» сыйлығымен марапатталды Мақтаарал ауданында «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» кездесуі өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асқанына екі жылдан астам уақыт өтті. Сол уақыт аралығында өңірде қоғамдық сананы жаңғырту бағытында түрлі жобалар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әр тоқсан сайын облыс әкімдігінің жанындағы консультативті кеңесші орган қоғамдық мәжіліс өткізіп тұрады.

Бүгінгі кездесу облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың төрағалығымен өтті. Басқосуға қатысқандар бағдарлама аясында атқарылған істерді талқылап, келешекте қолға алынатын бастамаларды қарастырды.

«Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дәріптеу мақсатында «Туған жер» арнайы жобасы жұмыс істейді. «Атамекен» бағдарламасы аясында 4 жоба қолға алынған. Олар: «Көркейе бер, Қостанай!», «Жомарт жүрек», «Рахмет саған, туған ел!» және облыстық ресурстық орталық. Биыл өңірді дамыту мақсатында 5 млрд 693 млн теңгеге 182 жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде 137 шара толық аяқталды. Бұл бастамалардың дені халықтың әл ауқатын жақсартуды көздейді. Осы жылы облыстың 14 өңірінде 29 балалар алаңы салынды. Оның сыртында саябақтар қалпына келтіріліп, қаншама мектеп жөндеуден өтіп, робототехника кабинеттері ашылды», - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова.

Басқарма басшысының сөзінше, соңғы үш жыл ішінде облыста 471 жоба жүзеге асып, 10 млрд теңгеден астам қаржы игерілген. Әлеуметтік жобаларды игеруге үлес қосқан меценаттардың да қатары артып келеді. Жастар арасында, ҮЕҰ бойынша да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан істер аз емес.

«Атқарылған жұмыстарға жақсы баға беруге болады. Мецентаттар қатары да артып келеді. Әр ауданда ауыз толтырып айтарлықтай істер бар. Қолға алған жобаларға қанша қаражат бөлінсе де, бастысы олар тиімді жұмсалуы керек. Келер жылы еріктілер жылы деп отырмыз. Мұны да тиімді пайдалан білгеніміз жөн. Әр салада көрнекі істерді жүзеге асыру керек. Бұл орайда мемлекеттік тапсырыспен де жұмыс істеуге болады. Мысалы, Науырзым ауданы киіз үй лагерін қолға алуды ұсынған еді. Меніңше бұл тамаша бастама. Біз қолдаймыз. Балалар үшін қызықты болады деп ойлаймын. Ендігі жерде келер жылға деген нақты ұсыныстар желтоқсан айына дейін әзір болуы тиіс», – деді М.Жүндібаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT