+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Қосшыдағы жарық проблемасы: Nur Otan аудан әкімдігіне мәселені 25 қарашаға дейін реттеуге кеңес берді

2020 жылғы 19 қараша 12:47
Бөлісіңіз:
Қосшыдағы жарық проблемасы: Nur Otan аудан әкімдігіне мәселені 25 қарашаға дейін реттеуге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Nur Otan партиясы өткізген праймериз жеңімпаздарының бірі Қосшыдағы жарық мәселесін жеке бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Қазақстанның 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансын әзірлеуді тапсырды 2025 жылға дейін 3 561 ауыл жаңғыртылады Алматыда электр энергиясымен жабдықтау тарифі төмендеді

Айта кетсек, жақында Қосшыдағы «Алтын орда» және «Диаманд» тұрғын үй кешендерінде жарықтың сөніп, тарифтің көтерілуіне байланысты халық ауылдағы Республика көшесін жауып, наразылық білдірген болатын. Ондағы халық аталған тұрғын үй кешендерінде жарықты киловатына 26,7 теңгеден төлеп жатқанына наразы. Осының салдарынан бір үйдің өзінде жарық тарифінің айлық төлемі 10 мың теңгеден асып кеткен. Одан бөлек жарықтың жиі сөніп қалуы да азаматтардың әбден мазасын кетірген. Себебі аталмыш тұрғын үйлердегі жылу батареясы да тоққа қосылған. Көбінің балалары қашықтан оқып жатыр.

Бұл мәселені реттеу үшін «Nur Otan» партиясы өткізген аймақтық праймериздің жеңімпазы Павел Безвербный Целиноград ауданының партиялық комиссиясымен бірге отырыс өткізген. Отырыстың қорытындысы бойынша мәселені қадағалай алмағаны үшін Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қанат Ағзамұлы «сөгіс» түріндегі партиялық жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар аудандық әкімдікке аталмыш тұрғын үйлердің әр тұрғынымен «АРЕК» ЖШС арасындағы келісімшартты жасау жұмысын осы жылдың 25 қарашасына дейін реттеуге кеңес беріліп отыр.

«Аталмыш мәселе партияның облыстық филиалының назарында», - деп сендіреді партияның баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT