Қосшыдағы ауыз су мәселесі шешілді - ТЖК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Қосшыдағы ауыз мәселесінің шешілгенін мәлімдеді. Бұрынғы ұңғымаларды әлі іске қосқан жоқ. Соның орнына бірнеше ұңғыманы қазып алуға тура келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитет басшысының айтуынша, жаңадан төрт ұңғыма қазылды. Қазіргі кезде үшеуі іске қосылды. Ал су баспаған алты ұңғымамен бірге қосқанда барлығы тоғыз ұңғыма істеп тұр.

«Соның арқасында көпқабатты үйлерге ауыз су толығымен берілді. Бұдан бөлек, 772 жеке үйде су бар. Енді, тағы 670 жеке үй қалып отыр. Маған түскен ақпаратқа сәйкес, жаңадан қазылған төрт ұңғыманың біреуі бүгін іске қосылады. Соның арқасында қалған жеке үйлерге ауыз су беріледі», - деді В.Беккер елордада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елодаға жақын Қосшы аулының ауыз су мәселесін шұғыл шешуді тапсырды. Бұған дейін ТЖК басшысы Владимир Беккер ол жердегі жағдайдың мән-жайын түсіндірген болатын. Оның сөзіне қарағанда, су басқан ұңғымаларды іске қосу мүмкін емес. Судың кектенін күту керек. Жергілікті әкімдік сүңгуір мамандарды да шақырды. Бірақ комитет оларды жібермеуге шешім қабылдады. Себебі адам өміріне қауіп бар. Бірақ комитет басшысы Қосшының ауыз су мәселесі үш-төрт күнде шешіледі деп айтқан.

Соңғы жаңалықтар