+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қосшыдағы ауыз су мәселесі 3-4 күнде шешіледі - ТЖК басшысы

2019 жылғы 12 сәуір 12:48
Бөлісіңіз:
Қосшыдағы ауыз су мәселесі 3-4 күнде шешіледі - ТЖК басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Қосшыда ауыз су мәселесін шұғыл шешу мүмкін емес екенін мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ұңғымалар әлі судың астында тұр. Судың деңгейі шамамен 1 метрді құрап отыр. Сүңгуір мамандардың көмегіне жүгінуге болатын еді. Алайда су әбден лайланып кеткен. Ондайда оқыс жағдай орын алуы мүмкін.

«Әрбір ұңғымада су сору қондырғылары бар. Қазір бір нәрсе істесек, ұңғыманың іші одан бетер бітеліп қалады, ішіне балшық пен тас түседі. Әкімдік бізге xабарласып, сүңгуір құтқарушыларды жіберуді сұраған болатын. Біз ол жерді көріп келдік. Бірақ сүңгуірлерді жібермеуге шешім қабылдадық. Себебі адам шығыны болуы әбден мүмкін. Су әбден лайланып кеткен. Түк көрінбейді. Құдықтар мен сорғылар бар. Сүңгуір мамандар түссе, оқыс жағдай орын алуы ықтимал. Сондықтан сәл күте тұру керек. Су кетеді. Сонда бәрі шешіледі», - деді В.Беккер елордада өткен баспасөз мәслиxатында.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, Нұра өзенінен ағып келетін судың көлемі біртіндеп азайып келеді. Бірнеше күннің ішінде судың деңгейі де түседі. Әзірше, Қосшыда ауыз суды нақты бір уақытта беру туралы шешім қабылданды.

«Иә, проблема бар. Бірақ ол жерде тұрғындармен келісе отырып, мынандай шешімге келді. Таңертең және кешке қарай адамдардың басым бөлігі өз үйлерінде болғанда ауыз суды беріп отырады. Әзірше, солай. Енді, 3-4 күнде судың деңгейі түседі. Сонда су сорғыларын көтеріп алуға мүмкіндік болады», - деп атап көрсетті В.Беккер.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға жақын Қосшы аулының ауыз су мәселесін шұғыл шешуді тапсырды.

Бұған дейін ТЖК басшысы Владимир Беккер ол жердегі жағдайдың мән-жайын түсіндірген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT