+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қосшыда жолаушылар автобусы мен КамАЗ соқтығысты: Зардап шеккендер бар

2020 жылғы 1 маусым 20:26
Бөлісіңіз:
Қосшыда жолаушылар автобусы мен КамАЗ соқтығысты: Зардап шеккендер бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда түбіндегі Қосшы елді мекенінде жолаушылар автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Бұл ақпаратты STC компаниясының баспасөз қызметінен растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда демалыс күндері саяжайға баратын автобустар жүретін болды Алматы-Тараз тас жолында жол апатынан аман қалған балуанның жағдайы ауыр-дәрігер Алматыда тағы қандай көшелерде автобус жолағы пайда болады

«Бүгін сағат 14:05-те «Лесная поляна» тұрғын үй алабы маңындағы Қарқаралы тас жолы мен Республика көшесінің қиылысындағы бағдаршамның істен шығуы салдарынан №303 бағдарындағы автобус пен «КамАЗ» автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус ішінде 25-ке жуық жолаушы болды», - деп атап өтеді компаниядан.

Таратылған мәліметке қарағанда, автобус жүргізушісі сағатына 17 жылдамдықпен қосалқы көшеден шығып, «КамАЗ» жүк көлігімен қақтығысқан. Қазіргі мәлімет бойынша, жөл-көлік оқиғасы салдарынан оннан астам адам зардап шекті. Қосымша мәліметтер анықталып жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың сол және алдыңғы жағы зақымдалды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Оның қоғамдық көліктегі тәжірибесі 25 жыл. Рейс алдындағы медициналық тексеруден бүгін сағат 05:00-де өткен. 2019 жылы біліктілікті жоғарлату орталығында оқыған», - делінген таратылған ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT