Қосшыда соғыс ардагері сайлаушыларға бата берді

Фото:
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қосшылықтар да белсене қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қосшы қаласында 12 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Солардың бірі – Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 орта мектепте орналасқан № 745 сайлау учаскесі. Сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап, қала тұрғындары саяси науқанда белсенділік танытуда

Сайлаушылар арасында Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітаев та бар. Жасы жүзге таяған қария өз аяғымен сайлау учаскесіне барып, елдің болашағы үшін өз таңдауын жасады және сайлаушыларға жылы лебізін айтып, ақ батасын берді.

«Еліміздің тәуелсіздігі баянды әрі тұғырлы болсын. Бүгінгі саяси додаға әулетімізбен келіп өз таңдауымызды жасадық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» – деді ақсақал.

Сонымен қатар, ұлттық киім киіп, әулетімен бірге келген ақсақалға сайлау учаскесінен ағаш астау сыйға берілді.

Айта кетсек, 70 жастағы таксист апай өз таңдауын жасады.


Соңғы жаңалықтар