+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Қосшыда пәтерде түтінге тұншыққан балалар құтқарылды

2020 жылғы 31 мамыр 22:28
Бөлісіңіз:
Қосшыда пәтерде түтінге тұншыққан балалар құтқарылды

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерінің ширақ қимылы мен тұрғынның қырағылығының арқасында түтін шыққан пәтердегі ағалы-қарындасты екі бала аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 24-де Целиноград ауданының Қосшы ауылында болған. Бұл туралы Целиноград аудандық ПБ полицияның учаскелік инспекторы, лейтенант Дауыл Әбірахмановқа 23 жастағы Сымбат Жағыпарова есімді тұрғын айтып көмек сұраған.


«Ол өтіп бара жатып тұрғын үйлердің бірінің 5-қабатындағы ашық тұрған терезенің алдындағы тақтайда кішкентай қыздың тұрғанын көріп, полицияға хабарласқан. Аталған мекен-жайға дереу жеткен полиция қызметкері пәтердің есігі ішінен құлыпқа жабылғанына көз жеткізген және ішінен түтінің иісін сезген. Тәртіп сақшысы жабық тұрған есіктің сыртынан зәресі ұшқан балаларға есікті қалай ашу керектігін түсіндірді», - дейді ведомстводан.

Тәртіп сақшысы көк түтін басқан пәтерден бірінші кезекте терезенің алдында тұрған 6 жасар қызды және оның 8 жастағы ағасын қауіпсіз жерге шығарды. Белгілі болғандай, балалардың анасы мас күйінде газ плитаға тамақты қойып, өзі ұйықтап қалған. Осылайша, полиция лейтенанты мен бейтаныс тұрғын өрт алдын алып, балалар мен оның анасының өміріне араша түсті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT