Қосшыда ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын ұсталды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қосшы кентінің дүкендерінде лицензиясыз және ҚР ойын бизнесі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, «Lotomatic» ЖШС бүркемеленген ойын терминалдары жұмыс істейтінін анықтады.

Заңсыз ойын қызметін облыс тұрғыны ұйымдастырған. Тексеру барысында 4 ойын терминалы анықталып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар