Қосшыда өрт сөндіру бекеті ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Целиноград ауданының Қосшы кетінде өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндіру бекеті Қосшы селолық округіне қарасты екі ауылдың және далалы орман массивтерінің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді.

«Өрт сөндіру бекеті орталық қазандық аумағында орналасқан, жылытылатын көлік тұрағы бар. Алты қызметкер және бір өрт сөндіру автокөлігі бар. Жаңадан құрылған команда тек өртті сөндіріп қана қоймай, сонымен қатар, аумақтағы өзге де төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға, халыққа көмек көрсетеді», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар