Қосшыда ағын суға арналған шұңқырдан 6 жасар баланың денесі табылды

None
None
ҚОСШЫ. ҚазАқпарат – Қосшы қаласында ағын суға арналған шұңқырдан (септик) 6 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыздың 26-да сағат 21:30 шамасында Қосшы қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, екі сағат бұрын үй ауласында ойнап жүрген 6 жасар ұлының жоғалғанын айтқан.

«Айтылған мекенжайға Қосшы қалалық полиция басқармасының басшылығы, жеке құрамы және жедел-тергеу тобы барды. Іздеу жұмыстарының барысында баланың денесі ағын суға арналған шұңқырдан табылды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қайғылы жағдайды тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бір үйдің екі баласы түтінге тұншығып қалған еді.



Соңғы жаңалықтар