Қосшыда 7 жастағы қыз пештің ішінде тұншығып көз жұмды
2022 жылғы 16 мамыр 12:46

Қосшыда 7 жастағы қыз пештің ішінде тұншығып көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қосшы қаласында пештің ішіне кіріп ойнаған 7 жастағы қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы мамырдың 14-інде Қосшы қалалық ПБ кезекші бөліміне жедел-жәрдем станциясының диспетчері хабарласып, 2015 жылғы қыз баланың көз жұмғанын айтты.

«Анықталғандай, 14 мамырда Қосшы қаласында түскі уақытта 2015 жылғы қыз және 2014 жылғы ұл бала пештің ішіне кіріп ойнаған. Осы кезде, пештің есігі сыртынан жабылып қалған. Салдарынан 7 жастағы қыз көз жұмды, ал 8 жастағы ұл «ауыр дәрежелі гипоксия» диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласының қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде тиісті сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, Көкшетауда дүкен өртенді .



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT