Қосшыда 6 жасар аутист бала аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткен

None
None
ҚОСШЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қосшы қаласында жоғалып кеткен 6 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, полицейлер аутист баланы 15 минут ішінде тауып берген.

3 тамыз күні Целиноград ауданы Қосшы қаласының 45 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне көмекке жүгінді.

Дабыл қаққан әке аутизммен ауыратын алты жасар баласы көлік жөндейтін гараждың жанында болғанын айтты. Жұмысқа кіріскен ер адам баланың қайда кеткенін байқамай қалған.

Оның айтуынша, бұл жағдай шамамен сағат 12-де болған. Алдымен ата-ана өзі іздеген, одан түк шықпаған соң полициядан көмек сұраған.

Полицейлер дереу жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, оларға қолда бар бүкіл күш-құралдар тартылды.

Топтарға бөліне отырып, тәртіп сақшылары елді мекен аумағында іздеуге кірісті.

Қабылданған шаралар нәтижесінде учаскелік инспектордың көмекшісі, аға лейтенант Бақтияр Тілеукенов салынып жатқан мектеп аумағынан баланы тауып алды.

Полиция қызметкері баланың аяғында аяқ киім жоқ екенін анықтады.

Әріптестерінің көмегімен полицей баланы көтеріп алып, үйіне аман-есен жеткізді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жоғалған балаға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмаған.

Баласы табылған ата-ана полицейлерге шын жүректен алғыс айтты.



Соңғы жаңалықтар