Қосшы кентінің мәртебесі өзгеруі мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. Қазақпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қосшы кентінің мәртебесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Электронды үкімет порталының «Ашық диалог» алаңында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қосшы ауылы Нұр-Сұлтан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан, өңірдегі ірі және қарқынды дамып келе жатқан елді мекен. Тұрғындардың саны артқан сайын елді мекеннің инфрақұрылымы да дамуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында медициналық, білім беру және өзге де әлеуметтік қызмет желісін дамыту шаралары қолға алынуда. Қазіргі уақытта Целиноград ауданындағы Қосшы ауылының мәртебесін өзгерту мәселесі қаралып жатыр»,-деді Ермек Маржықпаев.

Еске салсақ, өткен жылы сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында инженерлік-көліктік инфрақұрылым ахуалымен танысып, жергілікті су тарату станциясын аралап көрген еді.




Соңғы жаңалықтар