Қосшы қаласының соты құрылып, судьялары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Қосшы қаласының сот органын құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысы Қосшы қаласының соты құрылсын», – деп жазылған Жарлықта.

Осы құжатта Қосшы сотының судьялары болып кім тағайындалатыны да жазылған.

«Мерзадинова Динара осы облыстың Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Халмурзаев Мұрат осы облыстың Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

Қосшы сотының судьялары болып тағайындалды», - деп жазылған жарлықта.

Бұған дейін Қосшы қаласында Мемлекеттік кірістер басқармасы құрылғанын жазған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар