Қосшы ауылындағы су мәселесі жыл аяғына дейін шешіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың ел алдындағы есептік кездесуінде Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Қосшы ауылын сумен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кент тұрғыны көпқабатты үйлерде судың берілуі әркелкі екенін айтып, бұл мәселенің қашан түбегейлі шешілетінін сұрады. Ауыл тұрғынының сұрағына жауап берген құрылыс комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов соңғы жылдары ауылдың халқы жылдам өсіп келе жатқанын айтты.

«Соңғы 5 жылда Қосшы елді мекенінің халқы 2 есе көбейіп, 50 мыңға жетті. Яғни тәулігіне 10 мың текше метр су қажет. Ал мүмкіндік тәулік сайын 4,5 мың текше метр су беруге жетеді. Сондықтан, министрлік соңғы екі жылда бұл мәселені шешу үшін 2 млрд теңге бөлген болатын. Ол қаржыға 14 ұңғыма қазылып, 6 шақырым құбыр төселді. Су тазартқыш нысан да салынды. Ал биыл Ұлттық экономика министрі 513 млн теңге бөлді. Осының арқасында жыл соңына дейін Қосшы елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі деген жоспарымыз бар», - деді Мархабат Жайымбетов.

Соңғы жаңалықтар