Қосшы ауылында коронавирус жұқтырғандар саны 40-қа жетті

None
None
ҚОСШЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, вирусты жұқтырған 7 адамның 4-еуі бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласынан анықталған коронавирусты жұқтырған адаммен жақын байланыста болған адамдар. Целиноград ауданының Қосшы ауылында COVID-19 үй ошағында 1969 және 1995 жылғы әйел адамдардан, 1995 жылғы ер адамнан және 2017 жылы туған қыз баладан табылды.

Тағы екі жағдай аталған елді мекеннің әкімшілік аумағымен байланысты. Қауіптілік тобынан 1953 жылғы зейнеткерден коронавирус анықталды. Сондай-ақ респираторлық ауруы бар 1998 жылғы ер азаматты скринингтік тексеру барысында коронавирус анықталды.

Бұған қоса, скринингтік тексеру кезінде COVID-19 Аршалы ауданында 1998 жылғы жүкті әйелдің ағзасынан табылды.

Барлығы Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылды. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 142 адам тіркелген. Оның 126-сы - Целиноград ауданында, оның ішінде 40-ғы - Қосшы елді мекенінде тіркелген. Қалған науқастар Көкшетау қаласында және Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Шортанды аудандарында анықталған.

Соңғы жаңалықтар