Косовода мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтіп жатыр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Косова парламентіндегі мезгілінен бұрын парламент сайлауы 11 маусымда жексенбі күні таңертең басталды. Сайлауға 1,8 миллион дауыс беруші қатыстады, деп хабарлайды Deutsche Welle .

2008 жылы тәуелсіздік алған Сербияның бұрынғы провинциясындағы кезекті сайлау 2018 жылы өтуге тиіс болған. Алайда, бір айын бұрын орын алған Косово үкіметіне сенімсіздік білдірілгеннен кейін ыдырап, Президент Хашим Тачи мерзімінен бұрын сайлау тағайындады. Сайлау науқанына 19 партия қатысады. Егер радикалды және экстремистік бірлестіктер жеңіске жетсе, қоғамдық пікір сауалнамасы нәтижесі көрсеткендей өңірдің онсыз да қиын жағдайы одан бетер шиеленісе түспек.

Бұл әсіресе көп жылдар бойы Еуроодақ ара ағайын болып отырған албандар көп тұратын Косово мен Сербияның мәмілеге келуі айтарлықтай қиындайды. 

Приштиндегі министрлер кабинетінің жұмысы кейінгі кезде үкімет коалициясының ішіндегі кикілжің салдарынан ауырлап кетті. Коалицияға қазіргі президент Хашим Тачидің Косово демократиялық партиясы (КДП) мен экс-премьер Иса Мұстафаның Косово консервативтік демократиялық лигасы кіреді. 

Соңғы жаңалықтар