Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Космомониторинг арқылы 2000-ға жуық қоқыс заңсыз тасталған орын анықталған

2022 жылғы 22 маусым 22:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс тасталған орын Ғарыш Сапары космомониторингі арқылы анықталды, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орыны Ғарыш Сапары космомониторингі арқылы анықталды. Бұл түйткілді мәселемен күресу үшін ІІМ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша үшжақты іс-шаралар жоспары жұмыс істейді. Қабылданып жатқан жоспарлы іс-қимылдар шеңберінде Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қалдықтарды заңсыз төгу орындарын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өтті» делінген хабарламада.

Мәселен, мамыр айында республика бойынша барлығы 31 рейд өткізілді. Іс-шаралар Атырау, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларында ұйымдастырылды. Нәтижесінде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды. Қабылданған шаралармен 14 факт бойынша (бұл шамамен 88 қалдық нысаны) тиісті тұлғаларға ӘҚБтК-нің 344-бабымен 153 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

20-дан астам орындағы қалдықтар жойылды. Қоқыс тастайтын жерлерді анықтау шаралары жалғасатын болады.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар