Көшпенділер ойынының күміс жүлдегері - Ұланның жауынгері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікия еліндегі Изник қаласында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Ұлттық ұлан жауынгері Еламан Қойшыбаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың соңғы күні палуандар қазақ күресінен алты салмақ дәрежесінде чемпиондарды анықтау үшін бозкілемге шыққан. Бұл жарысқа әлемнің 19 елінен 60-тан астам балуан қатысты.

Құқықтық тәртіп әскерінің жауынгері Еламан Қойшыбаев келісімшарт бойынша Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінде қызмет етеді. Өзінің кәсіби қызметінде ол жедел мақсаттағы батальон құрамында қаланың қоғамдық қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етеді. Жарыста ол Үндістан, Түрікменстан, Иран және Әзербайжан балуандарына қарсы төрт жекпе-жекте жеңіске жетті.

«Мен бала кезімнен спортпен айналысамын. Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарымын. Сонымен қатар спорттық жарыстарға дайындалып жатырмын. Әрбір азамат – өз Отанының қорғаушысы, дене шынықтыруға дайын болуы керек деп санаймын. Ұлттық ұлан басшылығы маған үнемі қолдау көрсетіп, спортпен шұғылдануға жағдай жасайды. Мен бүгінгі жеңісті арнаған командирлеріме алғыс айтқым келеді», - деп атап өтті Еламан.


Соңғы жаңалықтар