Көшпенділер ойындары: Қазақстандық аударыспақшылар бес күміс жүлде иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан ақтық кезеңге шыққан қазақстандық бес аудармашының бәрі де қырғыз спортшыларынан ұтылып, «күміс» медальге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылар 8 медаль иеленіп, жалпы командалық есепте үшінші орыннан көрінген болатын. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева бүгін бес балуанымыз аударыспақтан финалға шыққанын хабарлаған еді. Бес балуанды да финалда қырғыз спортшылары күтіп тұрған.

Комитет өкілі бүгін қазақстандық бес спортшы да финалда жеңілгенін хабарлады.

Айта кетсек, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпыкомандалық есепте 30 алтын, 25 күміс, 23 қола медальмен сайыс алаңының иелері - Қырғыз Республикасы бірінші орында келе жатыр. 16 алтын, 9 күміс, 18 қола медальді еншілеген Ресей командасы екінші орыннан көрініп отыр. Үштікті 11 алтын, 17 күміс, 21 қола медальмен Қазақстан түйіндейді.


Фото: www.time.kz

Соңғы жаңалықтар