+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы екінші орын алды

2018 жылғы 9 қыркүйек 00:49
Бөлісіңіз:
Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы екінші орын алды

ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спорт және дене шынықтыру комитетіне сілтеме жасап.


Соңғы күні ел қоржынына екі алтын, бір қола медаль түсті. Овари ойынының (африкалық ұлттық ойын) қыздар командасы алтынды иеленсе, Әсел Далиева жекелей есепте де алтын медаль алды. Бұл Әселдің осы жарыстағы төртінші алтын медалі. Бұған дейін ол мангала, тоғызқұмалақтан жоғары дәрежелі медальді еншілеген болатын.

Диана Кенина болса, қола медаль алды. Қорытындысында, ел құрамасы 72 медальмен екінші орынға жайғасты. Біздің қоржында 18 -алтын, 24-күміс, 30 қола медаль бар. Бірінші орын жарыс қожайындары Қырғызстан құрамасында 103 медаль (40 алтын, 32 күміс, 31қола). 56 медальмен үшінші орынға Ресей Федерациясы орналасты (17 алтын, 24 күміс, 27 қола).


Еске салсақ, III Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары 2 - 8 қыркүйек аралығында Чолпон-Ата қаласында өтті. Ойындарға әлемнің 80 елінен 3000 астам спортшы келді. Олар спорттың 37 түрі бойынша сынға түсті. Қазақстан құрамасы спорттың 32 түрі бойынша бақ сынады. Құрама сапында 135 спортшы. Келесі Көшпенділер ойындарының кезегі Түркия мемлекетіне табысталды. Жарыс 2020 жылы өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қырғызстан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT