Көшпенділер ойындары: Қазақ көкпаршылары ресейліктерді ойсырата жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Ресейдің Красноярск командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіз бен біз, әсіресе қырғыздар күткен көкпардан Ұлттық құрама бүгін алғашқы ойынын Ресейдің Красноярск командасымен өткізіп, қарсыластарын 15-3 есебімен ойсырата жеңді», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тұғұмбаева өзінің Фейсбук парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстан көкпаршыларының қатысатынын растаған болатын. Оған дейін бірқатар БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы жалға ат ала алмауы себепті ойынға қатыса алмайтыны туралы ақпарат шыққан еді.

null null 

Соңғы жаңалықтар