«Көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі ашылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Этнофестивальдің ашылу салтанаты 8 команданың - Венгрия, Болгария, Түркия, Украина, Ресей (Якутия мен Башқұртстан), Қырғызстан, Қазақстан елдері өкілдерінің шеруімен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашылу салтанатында фестиваль қонақтары: MagyarTuran (Венгрия), Болгарлық «Бага-Тур» спорт мектебі, «Любизар-Солтүстік Амур» 1-ші Башқұрлық атты полк» әскери-патриоттық клубы» (Башқұрстан), Ордогай Түрік тарихи жаңғыру командалары өз өнерлерін ортаға салды.
null  null null 

Фестивальдің салтанатты ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Уәли Қуатжанов сөз сөйледі. «Бүгін қазақта ежелден бар дәстүрдің жаңғыру күні. Барша түркі бауырлас елдер болып көшпенділер дәстүрін халыққа өнер, қойылым арқылы жеткізеді. Бұл өз кезегінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуының куәсі. Одан бөлек елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында Астанамызда көшпенділер дәстүрін сақтаған өнерпаздардың басын қосу - қала күніне орай үлкен сый», - деді ол. 
null 

Фестиваль аясында Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде түркі әлеміне саяхаттап, Ұлы Даланың рухын сезіне алады. Көшпенділердің 3 тарихи эпосының қойылымы өтеді.  

Бірінші эпоста «Багатур» командасы болгарлық батырларды құтқарып қалған перизаттар туралы аңызды сахналаса, Түрік командасы Осман қорғанының тарихын жеткізуге тырысады.

Өз кезегінде, қазақстандық топ Медет пен Айсұлудың махаббат дастанын көрсетеді. Аңызды сахналау кезінде «Теңге ілу», «Қыз қуу», «Аударыспақ» сияқты ұлттық ойындар көрсетілетін болады.
null null null 

Мұның сыртында, бұл жолғы фестивальге халықаралық конкурс лауреаттары Юлиана Кривошапкина мен ТюргэнКам қатысады.

Екі күн бойы 7 ауылдан тұратын фестивальдің қатысушылары көшпенділер мәдениетін жетік меңгерген жаужүрек сарбаздар, мергендер, ат құлағында ойнайтын шабандоздар және музыканттар сан түрлі қойылымдар қойып, шеберлігімен көрерменді тәнті етпек. 

null null null   null null null null 

Соңғы жаңалықтар