Көшпелі туризм мен ішкі турлардың бағасы қымбаттай ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көшпелі туризм мен ішкі турлардың бағасы қымбаттай ма? Қалалар мен шетелге қашан саяхатқа шығуға болады? Бұл сұрақтарға туризм саласындағы сарапшылар жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«SkyWay Travel» туристік компаниясының директоры Әсем Көзбағарованың пікірінше, ішкі турлардың бағасы көтерілмейді.

«Әрине, біз барлық жеткізушілермен байланыс жасаймыз. Әзірге бағаны көтеру туралы сөз қозғалған жоқ. Бірақ бұл барлық шектеулердің қаншалықты тез алынып тасталуына байланысты. Девальвация жағдайында көшпелі туризмнің бағасы қымбаттауы ықтимал», - дейді ол.

Оның айтуынша, компания ішкі және көшпелі туризммен айналысады, алайда ішкі турларды сату мүмкін болмай отыр.

«Біз Ақтау қаласы мен Алакөлге арналған турлардың алдын ала болжамды сатылымын аштық, бірақ қаланың да, шекараның да қашан ашылатынын білмейміз. Сондықтан нақты күнді белгілеп сата алмай отырмыз. Шетелге шығатын туристерге келетін болсақ, қазір жағдай жақсара бастады. Көптеген елдерде шектеулер ақырындап алынып жатыр. Екінші жартыжылдықта туристер бізге де келеді деген үміттеміз», - деді Әсем Көзбағарова.

ҚР Туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова көшпелі туризмнің маусым айында іске қосылатынына сенімді.

«Біз маусым айында көшпелі туризм жұмыс істейді деген оптимизмді жоғалтпаймыз. Туристердің де әсем жерлерді тамашалауға құлшынысы зор. Алайда, девальвация әсер етпей қоймайды. Сондықтан туристер ағыны азаятыны анық», - деп атап өтті Рашида Шайкенова.


Соңғы жаңалықтар