Көші-қон заңын бұзған Өзбекстан азаматтары қылмыстық жауапқа тартылып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Үш күнде Қазақстан аумағында болуы ережесін бұзған 300-ге жуық шетел азаматы анықталды. Ақтөбеде өткен «Мигрант» алдын-алу шарасы кезінде 4 Өзбекстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеге келген 287 шетел азаматы Қазақстан аумағында болу заңдылығын сақтамаған. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 108 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.

«Шетелдіктерді тіркеу дерегі бойынша - 45, шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережесін бұзған азаматтарға қатысты 20 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал көші-қон заңнамасын бұзған 4 шетелдікке қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деді облыстық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының взвод командирі Аслан Қасқырбаев.

Қазір Өзбекстан азаматтарына қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұрын олар тұрғын үй құрылысында жұмыс істесе, соңғы жылдары көлік жөндеу орталықтарына заңсыз жұмысқа орналасқандары анықталды. 

Соңғы жаңалықтар