Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында министрлік заң жобасын әзірлейді және ол біліктілік пен дағдыларды тануға, біліктіліктің сәйкестігін бағалауды үйлестіруге тиіс. Сондай-ақ Біліктілік жөніндегі ұлттық орган құруға бағытталады. Жаңа заң біліктілікті тану жүйесінің бірыңғай талаптарын біріздендіруді және белгілеуді, сондай-ақ мамандықтарға қол жеткізуді реттеу тәсілдерін бекітуді қамтамасыз етеді», - деді министр.

Осы ретте ол Президент көші-қон процестерінің еңбек нарығына көп әсер ететіндігін атап өткендігін айтты.

«Осыған орай көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды. 5 жылға арналған тұжырымдама әзірленетін болады. Онда оңтүстіктен солтүстікке өңіраралық ішкі ұтқырлықты арттыруға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету; шетелде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау тетігін құру; сондай-ақ қандастардың тұрақты тұруға Қазақстанға қоныс аударуға жағдай жасау; шетелдік мамандарды тарту бойынша реттелетін және икемді жүйені қамтамасыз ету қарастырылатын болады», – деді Серік Шәпкенов.

Оның атап өтуінше, жаңа тұжырымдама аясында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тетігі қайта қаралады. Оңтүстік өңірлерден жұмыскерлерді өз бетінше жалдайтын және жұмысқа орналастыратын жұмыс берушілер үшін мемлекеттік қолдау алу тетігі оңайлатылып, кеңейтіледі.

«Бұл оларды қоныс аудару бағдарламаларына белсенді қатысуға ынталандырады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар