Көші-қон саласында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы қай деңгейде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық Азиядағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (БҰҰ-ның Көші-қон жөніндегі агенттігі) үйлестірушісі Деян Кесеровичпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барасында Халықаралық ұйым үйлестірушісіне Қазақстан мен Орталық Азиядағы миссиясының аяқталуына байланысты, сондай-ақ адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасы табысталды.

Е. Тұрғымбаев министрлік халықаралық ұйымдармен, соның ішінде халықаралық көші-қон ұйымымен ынтымақтастыққа баса мән беретінін атап өтті.

«Сізге көші-қон саласындағы еңбегіңіз үшін алғысымды айтқым келеді. Осы қызметтегі 7 жыл ішінде Ішкі істер министрлігімен жақсы байланыстарды орната алдыңыз. Бұл тұрғыда заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша сізбен бірге елеулі жұмыстарды жүзеге асыра алдық», - Ерлан Тұрғымбаев.

Өз кезегінде Деян Кесерович көші-қон саласында ұйым мен Қазақстан ауқымды жұмыстарды жүргізгенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар