Көшербаев ҰҚК қызметкерлеріне мерейтойлық медальдарды табыстады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерін комитеттің құрылғанына  25 жыл толуымен құттықтап, олардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылған арнаулы орган ширек ғасыр ішінде тұрақты жетіле отырып, даму мен қалыптасудың сындарлы жолдарынан өтті. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысып қана қоймай, егемен еліміздің мүддесін қорғау болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тұғыры берік болуы жолында бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарып жүрген адал қызметтеріңіздің алар орны ерекше. Бұл жолда батырлық та, батылдық та, тапқырлық та, айлалы ақыл да сіздердің бойларыңыздан табыла білуі қажет»,- деді облыс әкімі.

Салтанатты шара барысында, сондай-ақ ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департамент бастығы, полковник Таңат Жүнісов әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аймақ басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің ардагерлері мен қызметкерлерін алғыс хаттармен және ведомствоның мерейтойлық медальдарымен марапаттады. 

Соңғы жаңалықтар