Көшеге қарумен шыққан алматылық 7 жылға қамалуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Дарабоз» ықшам ауданында қару асынып, көшеге шыққан ер адам сотталуы мүмкін. Бұл туралы Алатау ауданының прокуроры мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство өкілінің айтуынша, ер адамның әрекеті ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланды.

«Күдікті 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғалды. Іс бұзақылық бабы бойынша тергеліп жатыр. Ұсталған азаматтың қаруы тәркіленіп, заттай айғақ ретінде танылды. Қазір ол сақтау камерасына тапсырылды», - деді Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.

Бұған дейін Алматыда тұрғын үйлер арасында қарумен жүрген ер адамның ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар